
Оқыту
«Болашақ» компаниясы Клиент компаниясында жұмысқа орналастыру үшін іріктелген персоналды оқыту бойынша қызметтер ұсынады.
Бізде кадр дайындау үшін ағылшын тілі мен қауіпсіздік туралы ортақ ұғым қалыптастыру сияқты жалпы дағдылардан бастап, анағұрлым мамандандырылған техникалық пәндерде пайдалануымыз мүмкін білім беру мекемелерінің желісі бар. Орта есеппен, соңғы 3 жыл ішінде біздің персонал үшін біз жыл сайын 27326 оқу сағаттарын өткіздік.
Тренажерлер (батып бара жатқан тікұшақтан көшіруді оқыту үшін) мен басқа жабдықтаманы өндіру және жеткізуге, сонымен қатар қауіпсіздік техникасы бойынша оқытуда маманданатын компания - Seftec Ireland Ltd.-мен бірге 2009 жылы біз «Seftec Global Training» ЖШС құрдық. «Seftec Global Training» компаниясы BOSIET, H2S (қауіпсіздік техникасының негіздері), төтенше жағдайларда әрекет ету техникасы, өртке қарсы шаралар мен қауіпсіздік техникасын оқыту бойынша басқа курстарды оқыту қызметтерін көрсетеді. Алғашқы оқу орны Қазақстан, Атырау қ. құрылған.
Мекеме келесі қызметтерді қамтамасыз етеді:
ОПИТО бекіткен төтенше жағдайларға әрекет ету іс-шараларының ауқымы.
Оның ішінде келесі пәндер бойынша курстар:
Аман қалу, өртке қарсы қауіпсіздік, MEM, МОМ, H2S және газды авторландырылған тестілеуі
Халықаралық үлгідегі рұқсат қағаз:
Қауіпсіз жүргізу мен алғашқы көмек көрсету
Кәсіби оқыту:
Оқытудың құзыреттілігі
Танылған сала көшбасшыларымен халықаралық серіктестік
