Еңбек ресурстары мен Рекрутинг

80 000-нан астам түйіндеме (Қазақстан азаматтары және шетел кадрлары) дерекқоры, компания ішінде жұмыс атқаратын 3000 қызметкерге ие «Болашақ» компаниясы шетел және ұлттық қызметкерлерді теңдестірілген үйлесімдікті, сонымен қатар біліктілік дәрежелері мен мамандықтардың кең диапазонын қамтамасыз ететін бірегей орынға ие. «Болашақ» тұрақты және келісім – шарт бойынша жұмыс істейтін қызметкерлерін Қазақстан, Ұлыбритания және басқа әлем елдерінің түрлі географиялық аймақтарына (оншорлық, оффшорлық, кеңселерде және алыстатылған лауазымдарға) жұмысқа жібереді.

«Болашақ» компаниясы ұсынатын қосымша қызметтерге келесілер жатады:

Қызметкерлерді іріктеп алу
Мамандарды жалдау
Мамандар біліктілігін тексеру
Мобилизациялау
Материалды-техникалық камтамасыз ету және жол шығындары
Визалар және жұмысқа рұқсат қағаздары
Төлем ведомостін құру
Салық төлеу
Құжаттарды еңбек заңнамасына сәйкес реттеу
Сақтандыру
Жедел көмек кезінде медициналық көмек қосу

Тұратын орынмен қамтамасыз ету
Жергілікті ресурстармен қамтамасыз етудің толық жинағы.
«Болашақ» компаниясы қызметкерлерді іріктеп алу үшін 30 қызметкерлерді іріктеп алу мамандарынан тұратын команда, 80000 түйіндемеден құралған дерекқор, жұмыс істеуші қызметкерлер, өндірістік келісім-шарттардың кең жүйесі, жеке жұмысқа жіберу қағаздары, мақсатты кампаниялар, бос қызмет орындар жәрмеңкелері, сонымен қатар біз жақында қолдана бастаған бос қызмет орындарын ұсынудың ұялы нұсқасы сияқты жаңа технологияларды интернет - іріктеп алу және жарнама тәсілдерін қолданусияқты атаулы ресурстарға ие.

МАМАНДЫҚТАРДЫҢ КӨП ТҮРЛІЛІГІ, КӨП ҰЛТТЫ ЖҰМЫС КҮШІ.

Басқару, Әзірлеу, Әкімшілік басқару.


Жобаларды басқарушы мамандар
Инженерлер
Жобалаушылар
Құрылымдаушылар
Жоспарлаушылар
Келісім-шарттарға әкімшілік қолдау көрсету мамандары
Шығындарды есептеуші мамандар
Инженер-сметашылар
Супервайзерлер
ҚТ және ЕҚ бойынша мамандар
Сапаны бақылау/қамтамасыз ету бойынша инспекторлар және мамандар
Материалды бақылаушылар
Жабдықтау бойынша мамандар
Логистика бойынша мамандар
Қызметкерлерді іріктеп алу бойынша мамандар
Қаржы және бухгалтерия саласындағы мамандар
Заңгерлер
Аудармашылар
Әкімшілер және хатшылар
АТ мамандары
Және басқалары

Жұмысшы кадрлары


Дипломды дәнекерлеушілер
Қалайышылар
Құбырды орнату бойынша дипломды жұмыскерлер
Электр мамандары
Оқшау орнату бойынша жұмыскерлер
Механиктер
Зауыт операторлары
Қоймашылар
Жинап тазалаушылар және сыпырушылар
Барлық санатты прорабтар
Барлық санатты бақылаушылар
Құралдар бойынша техниктер
Азаматтық нысандарды салушы-құрылысшылар
Қара жұмысшылар
және басқалары.