Денсаулық, қауіпсіздік пен қоршаған ортаны қорғау

Біздің мақсатымыз – жазатайым оқиғалар мен жағдайлардың пайда болуының алдын алу, қоршаған ортаның ластану мен қалдықтар тастауды азайту.

Болашақ компаниясының саясаты барлық кезде қауіпсіз және сау еңбек жағдайларын қамтамасыз ету мен қолдау болып табылады.

Болашақ компаниясы басшылығының мақсаты – жазатайым оқиғалар, жарақаттар, аурулардың алдын алу, сау және таза қоршаған ортаны қолдау.

"Болашақ" компаниясы денсаулық, қауіпсіздік және қоршаған ортаны қорғау бойынша өзінің саясатын ілгерілету тәжірибесіндегі өзінің жауапкершілігін сезінеді.

Барлық деңгейде және барлық кезде хабарландыруды қамтамасыз ету үшін денсаулық, қауіпсіздік және қоршаған ортаны қорғау бойынша біздің саясатымыз өз ұйымымызда барлық қызметкерлер мен мердігерлер арасында таралады.