КОМПАНИЯЛАР ТОБЫНЫҢ АТҚАРУШЫ БАСҚАРМАСЫ

Ричард Малкахи, Компаниялар тобының төрағасы

Ричард Малкахи қызметкерлерді іріктеп алу саласында 25 жыл тәжирибесі бар маман. Мұнай-газ өндірісінде ұзақ жылдардан кейін, Ричард Swift Technical компаниясын көптген жылдар бойы басқарып, компанияның мұнай-газ саласында жұмыс күшін іріктеуде жетекші халықаралық жеткізушінің біріне айналуға көмектесті. «Болашақ» компаниясы халықаралық мұнай-газ саласында Ричардтың біліміне сүйене алады. Қызмет көрсету саласындағы жоғары білікті атқарушы маман ретіндегі оның табысы мен тәжірибесі «Болашақ» компаниясының өсу стратегиясын дамыту және жүзеге асыруға салған орасан зор үлесі болып табылады.



Куинтин Голди, Топтың басқарушы директоры

Алғашында 2010 жылдың қараша айында «Болашақ» компаниясына тікелей басқару қызметі директоры ретінде келген Куинтин Голди, 2011 жылдың шілдесінде басқаруша директор лауазымына тағайындалды. Кейіннен Куинтин компаниялар тобына толық жауапкершілікті өз мойнына алған атқарушы директор лауазымына өтті. Куинтиннің Каспий аймағында мен Қазақстандағы тәжирибесі және мұнай-газ, құрылыс саласына техникалық, өндірістік қызметтердің кең ауқымын көрсетуден 30 жылдық тәжирибесі арқасында, ол бизнесті дамыту үшін мүлтіксіз қызметкер екенінің сөзсіз айғағы. Халықаралық жобаларда және мұнай-газ саласы үшін құрылыспен басқаруда көп жылдар бойы жұмыс істегеннен кейін, Куинтин Бакуда өнеркәсіптік қызметтерді ұсынуды табысты басқарып, кейіннен компанияны Қазақстандық нарыққа шығарды. Компания тез арада дамып, ірі өнеркәсіптік қызметтерді халықаралық жабдықтаушы компания иелігіне өтті. Куинтин ТМД елдерінде қауіпсіздік мәдениеті және мұнай-газ саласында сапа мүдделерін әрқашан қорғап жүреді, осы қасиеті және техникалық және практикалық білім үйлесімі «Болашақ» компаниялар тобы басқарушы директор лауазымына бағалы қасиет болып табылады.



Крис Уэлдон, Стратегиялық даму және ақпараттық делдалдық бойынша директор

Крис Уэлдон халықаралық құрылыс және мұнай-химиялық өнеркәсіпте 30-жылдық тәжірибесі бар БӨҚ және электр жабдықтама саласындағы инженер болып табылады. Крис 1990-жылдар ортасында ТМД-ға көшер алдында, Африкадағы құрылыс жобаларында он жылдан астам уақыт жұмыс істеген, содан кейін бұрынғы Кеңес одағында бизнес жүргізудің мол тәжірибесін жинай жүріп, орыс тілін жетік меңгерген. Крис «Болашақ» компаниясы құрылғалы бері оның біртұтас бөлігі болып табылады, 2001-2007 жж. аралығында Басқарушы Директор ретінде жұмыс істеді.Крис өзіне тән ынталылқпен Болашақта стратегиялық даму мен ақпараттық делдалдық Директоры ретінде «Сефтек» және «Имтэк» компанияларымен тәрізді бірлескен кәсіпорын құруда және компания қызметін техникалық салаға кеңейту кезеңінде белсенді рөль атқарды.



Тим Бентхам, Корпоративті қарым-қатынастар бойынша директор

Тим Бентамның Қазақстанда мұнай-газ өнеркәсібіндегі қызмет көрсетуші компаниялармен 20 жылдық жұмыс тәжірибесі бар. Тим орыс тілінде еркін сөйлейді және бұрынғы Кеңес Одағы елдерінде, соның ішінде Қазақстанға мамандандырылған, бизнес жүргізу ісіне кең таным жинады. Жеті жыл ішінде Қазақстандағы мұнай-газ саласында қызмет көрсету бойынша компанияның коммерциялық және әкімшілік қызметін басқара жүріп, 2000 жылы Тим мұнай-газ саласы үшін қызметкерлерді іріктеп алу қызметіне енді. 2001 жылы Тим "Болашақ" компаниясының коммерциялық директоры болып тағайындалып, компания құрылғалы бері оның қазіргі нарықтағы көшбасшы дәрежесіне жету кезеңде коммерциялық қызметтер және келісімдердің орындалуына жауапты. Бизнес топтық құрылымға ауысқалы бері, жаңа бизнес бағыттар мен бірлескен кәсіпорындар дамуымен Тим жалпы компаниялар тобына корпоративті мәселелер, коммерциялық қолдау көрсету, сабағаттық қызметтерге көп көңіл аударып келуде.