
Бірлестіктегі жұмыс
Адамдарға инвестициялау.
Адамдар – біздің бизнестің кілті болып табылады. «Болашақ» компаниясы келесідей түрде жергілікті халыққа инвестиция салады:
Қызметкерлерді ұлттандыру бағдарламасы. "Болашақ" компаниясы ұдайы жергілікті қызметкерлердің санын ұлғайтуға тырысады, және біз осы мақсатқа қол жеткізу үшін мақсаттарымыз бен стратегияларымызды анықтайтын Ұлттандыру бағдарламасын жасап шығардық. Біздің ұлттандыру бағдарламамыздың жетістігін осы 8 жылдың ішінде жергілікті еңбек ресурстарын 40 қызметкерлік персоналдан 2500-ден астам қызметкерге дейін өсіре алғанымыз растайды.
Компанияның жергілікті қызметкерлері мен келісім-шарт бойынша жұмыс істегісі келетін қызметкерлер үшін оқу бағдарламалары. "Болашақ" компаниясы оқу бағдарламаларының шеңберінде өз қызметкерлеріне қаражат инвестициялайды.
Жұмыссыз жергілікті тұрғындар үшін кәсіби дайындық бағдарламалары. "Болашақ" компаниясы Атырау қ. жұмыссыз жергілікті тұрғындарының дайындығына қаражат инвестициялады. Компания жұмыссыз жергілікті дәнекерлеушілер мен құбыр салушыларды олардың дағдылары мен біліктілігін салалық стандарттарға дейін дамыту үшін оқу курстарының шеңберінде оқытуды жүзеге асырды. Бұл қызметкерлер артынан мұнай-және газ өндіру объектілеріндегі жұмыс үшін жұмысқа алынған.
Студенттерге демеушілік көмек. "Болашақ" компаниясы 22 студенттің білім алуына көмек көрсетіп, олардың мұнай және газ саласында, сонымен қатар құрылыс, басқару, бухгалтерия, қаржы және экономика сияқты салаларда өзінің біліктілігін арттыруға септігін тигізген.
Инфрақұрылым және объектілердің дамуына салынған инвестициялар
"Болашақ" компаниясы өзі жұмыс істейтін бірлестіктерге ұзақ мерзімді қатысуға ниетті. Біздің стратегиямыз өзіміз жұмыс істейтін аудандарда жылжымайтын мүлікке инвестиция салуға бағытталған. Оған мысал келесілер:
Атырау қ. бас офиске салынған инвестициялар.
BOSIET, H2S пәндерін, төтенше жағдайларда әрекет ету бойынша пәндерді, өртке қарсы іс-қимылдар мен қауіпсізідк техникасын оқыту бойынша басқа да курстарды оқыту бойынша объектілерге салынған инвестициялар.
Біз жоғарыда аталған жобаларға бірнеше миллион доллар салдық.
Жергілікті қайырымдылық ұйымдарға салынған инвестициялар
"Болашақ" компаниясы көмекке зәру ұйымдар, оның ішінде балалар үйлеріне, ауруханалар мен басқа да әлеуметтік мекемелерге көмектесетін жергілікті қайырымдылық ұйымдарды қолдауға белсене қатысады. Өзге де жергілікті мекемелермен қатар, "Болашақ" компаниясы жергілікті жағдайлар үшін ақша жинаумен айналысатын қайырымдылық ұйымдарға көмек қолын ұсынып отырады.
