«Болашақ» туралы

«Болашақ»  -  өзінің Қазақстан Республикасының жетекші жобаларын жоғары білікті мамандармен қамтамасыз ету бойынша қызметінің табысты тарихын әлдеқашан қалыптастырған компания болып табылады. Біз шағын мәдени шеңберде үздік менеджментке қажет мол тәжірибе мен дағды-машықтары бар мықты шұғыл қимылдайтын топ құрдық. Қазақстан аумағында көпжылдық бизнес жүргізу тәжірибесі бар шетелдік және қазақстандық менеджерлер командасының басшылығымен біз Қазақстаннан негізгі көптілді қызметкерлерді  жинақтап, оқыттық.

Біздің офистер Қазақстан Республикасының барлық ірі өнеркәсіптік аймақтарында орналасқан, бұл біздің қызметіміз қажет болған кез келген жерде өз Клиенттерімізді қолдауға мүмкіндік береді.

Жуырда біз нарықта «Болашақ International» компаниясын ұсындық. Лондонның орталық бөлігінде орналасқан офис біз өзіміздің клиенттерімізге ұсынатын қызметтерді нығайту үшін құрылған. Сондай-ақ, аталмыш офис біздің сервисті халықаралық деңгейге көтеру үшін құрылған.

Біз еңбек ресурстарын,  рекрутингтік қызметтер, сонымен қатар пайдалануға енгізу және инспекциялау бойынша қызмет ұсыну бойынша  ISO 9001: 2000-ға сәйкес аккредитациялаудан өттік. Біздің сапаны басқару жүйесін ұстануымыз сапалы сервис пен Клиент қажеттіліктерін толық қанағаттандыруға кепілдік бере отырып, көп шығын шығармастан оңтайлы әрекет етуге мүмкіндік береді.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 



КЕШЕНДІ ШЕШІМДЕР

НЕГІЗГІ ПЕРСОНАЛ
Біздің бизнесті Клиент қажеттіліктерін толық қамтамасыз етуге бағытталған
тәжірибелі команда басқарады.

ИНФРАҚҰРЫЛЫМ МЕН ДЕРЕКҚОР
Біздің офистер көпұлттық, көппішінді мамандар туралы деректер қамтыған, үнемі жаңартылып тұратын заманауи қорға күні-түні қол жеткізуге мүмкіндік беретін жоғары технологиялық ақпараттық желі арқылы байланысқан.

САПА ЖҮЙЕСІ
«Болашақ» компаниясы ISO 9001: 2000-ға сәйкес сертификатталған Сапаны Басқару Жүйесін пайдаланады.

Біз өз Клиенттерімізге көрсететін қызметтер сапасын мақтан тұтамыз, және  өз Клиенттерімізге сапалы қызмет көрсету және өз қызметімізді алға жылжыту үшін үздіксіз күш саламыз.

ҚАУІПСІЗДІК ЖӘНЕ ЕҢБЕКТІ ҚОРҒАУ ЖҮЙЕСІ
Біздің саясатымыз – кез келген уақытта қауіпсіздік және еңбекті қорғауды қамтамасыз ету мен қолдау болып табылады. Қауіпсіздік жүйесі мен Еңбекті Қорғауды басқару біздің кез келген қызметті орындау барысында басты назарда қала бермек.

ЖОБАЛАРДЫ ПАЙДАЛАНУҒА ЕНГІЗУ
«Болашақ» компаниясы жобаларды пайдалануға енгізу бойынша қызметтердің толық топтамасын ұсынады, сонымен қатар материалдарды, бақылау-өлшеу аппаратурасын қамтамасыз ету, процедуралар орындау, рұқсаттар алу мен материалдық-техникалық қамсыздандыру бойынша ұсыныстар береді. Біз көптеген жобаларды пайдалануға енгізуді табыспен аяқтадық және мұнай-газ және басқа да өнеркәсіп салаларындағы көптеген  ағымдағы жобаларды басқаруды жалғастырудамыз.

САПА СТАНДАРТТАРЫН БАҚЫЛАУ
Біздің сапа стандарттары және бақылау жөніндегі команда сапа стандарттарын бақылау бойынша, барлық қажетті жабдықтама мен логистикалық қолдауды қамтамасыз етеді.    

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ОФИСТЕР ЖЕЛІСІ

Ұлыбритания
Лондон

Қазақстан
Атырау
Теңіз
Алматы
Астана
Ақтау
Ақсай